Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық ұйым, үкіметтік емес ұйымдар және «Аналар кеңесі»-нің өкілдерімен кездесу өтті

Жиын барысында қатысушылар сайлаудың әділ өткендігін, оны байқаушылардың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы және сайлау учаскелерінде дауыс беру барысында байқағандығын жеткізді. Қоғамдық ұйым мүшелері сайлау нәтижесіне сәйкес «Nur Оtan» партиясын халықтың көпшілігінің қолдап дауыс беруі халықтың болашаққа сенімінің мол екендігін білдіретіндігін де жеткізді. Бұл партияның қай уақытта да бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі болғандығының айғағы. Жиынға қатысушылар мемлекетіміздің дамуы басты мақсат екенін ескере отырып, саяси сауаттылықты арттырып, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ететіндерін және қоғамның саясатқа деген оң көзқарасын қалыптастыру жолында шараларды қолға алатындығын жеткізді. Кездесуде ауданымыздағы түйткілді мәселелер де талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.…

0
0
181

Болашақ ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті.

Партияның Казталов аудандық сайлауалды штабының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушыларды «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдық және партияның Казталов аудандық филиалының бағдарламасында көрсетілген 7 айқын бағыттарды түсіндіріп берді. Сайлаушылар тарапынан аталған ауылдық округке қатысты көгілдір отын, ұялы байланыс желісі, білім және кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелер көтерілді. Үміткерлер айтылған кейбір мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында нақты атап көрсеткендігін тілге тиек етіп, өзге де түйткілді мәселелрге қатысты ұсыныстарды назарға алатындықтарын жеткізді. Сонымен қатар сайлаушыларды алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.«Nur Otan» партиясы К…

0
0
195

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық сайлауалды штабының жұмысы қорытындыланды.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Биыл Республикалық партияішілік «Праймериз» қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттығына - 2, аудандық мәслихат депутаттығына 22 үміткер тіркелді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге «Jas Otan» ЖҚ-ның 48 белсенді азаматтары қатысып, ақпараттық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар биыл үгіт-насихат жұмыстарына «Экспромт кездесу», «Канвассинг», «Кандидатқа сұрақ қой» сынды форматтағы кездесулер қосылды. 10 қаңтар күні ҚР Парламенті мәжілісінің және барық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында ауданымыздағы 48 сайлау учаскесінде «Nur Otan» партиясының 144 байқаушысы өз міндетін атқаратын болады. Штаб мүшелері мен белсенділерге «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқаны үшін өз ризашылығымд…

0
0
195

Жастар — елдің болашағы,Жастар — елдің тынысы.

Білім, ғылым үйреніп, түрлі кәсіпті меңгеріп, бойға жиған тәжірибелерін туған еліне арнауда. Жастардың жалынды жігерін «Ерікті жастар» жылында байқадық. Қандай жағдай, қандай ісшара болмасын, ерікті жастар алдыңғы шепте жүрді.Бүгін №18 колледжде аудан жастарының бірлесе ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік белестері» тақырыбында патриоттық акциясы болып өтті. Олар көк туымызды желбіретіп, «Тәуелсіздік жасасын!», «Қазақстан, Алға!» деп ұрандатты. Осындай рухты, елін, жерін сүйетін белсенді жастарымыз тұрғанда егемендігіміз мәңгі жасайды деп сенеміз.

0
0
324

Көптен күткен сайлау да өз мәресіне жетіп, аудан тұрғындары өз таңдауларын жасады.

Ел бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша "Nur Otan" партиясына сайлаушылардың – 71, 97 проценті дауыс берген. Партияның жеңісі — елдің жеңісі.Бүгін аудандық Саяси кеңес мүшелері сайлаудың нәтижелері бойынша тұрғындармен карантин режимін сақтап кездесу өткізді.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Бердімұрат партияға сеніп, қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын жеткізді.«Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасы жұртшылықтың көңілінен шыққандығын сайлау нәтижесінен байқап отырмыз. Жеңіске жету үшін аянбай еңбек еттік. Бүгін, міне, жемісін көріп отырмыз. Енді партиямыз өз жұмысына білек сыбана кіріседі. Сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей ауқымды жұмыстар атқарылатын болады», — деді Ә.Бердімұрат.

0
0
203