«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық сайлауалды штабының жұмысы қорытындыланды.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Биыл Республикалық партияішілік «Праймериз» қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттығына - 2, аудандық мәслихат депутаттығына 22 үміткер тіркелді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге «Jas Otan» ЖҚ-ның 48 белсенді азаматтары қатысып, ақпараттық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар биыл үгіт-насихат жұмыстарына «Экспромт кездесу», «Канвассинг», «Кандидатқа сұрақ қой» сынды форматтағы кездесулер қосылды. 10 қаңтар күні ҚР Парламенті мәжілісінің және барық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында ауданымыздағы 48 сайлау учаскесінде «Nur Otan» партиясының 144 байқаушысы өз міндетін атқаратын болады. Штаб мүшелері мен белсенділерге «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқаны үшін өз ризашылығымды білдіремін!
"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

