Мазмұнға өту

Жаңа

Мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті.

Басқосуда Ә.Бердімұрат сайлауда белсенділік танытқан мәдениет қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Нұротандықтар жеңіске жету үшін барын салғандығын, үгіт-насихат жұмыстары көптеп жүргізілгендігін айтты.- Бәріңізді "Nur Otan" партиясының жеңісімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл өздеріңіз секілді азаматтардың партиямызды қолдап, сенім білдіруінің арқасы деп білемін. Сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей партиямыз нақты жүйелі жұмыстарды бастайтын болады. Алдағы жылдары мәдениет саласына да көңіл бөлінеді. Ауданымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосып келе жатқан баршаңызға алғысымды айтамын, - деді филиал төрағасының бірінші орынбасары.

0
0
189

Азаматтарды қабылдау өткізді.

«Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасы жұртшылықтың көңілінен шыққандығын сайлау нәтижесінен байқап отырмыз. Жеңіске жету үшін аянбай еңбек еттік. Бүгін, міне, жемісін көріп отырмыз. Енді партиямыз өз жұмысына білек сыбана кіріседі. Сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей ауқымды жұмыстар атқарылатын болады», — деді Ә.Бердімұрат.

0
0
215

Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды

Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.Жалпы, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы - 49, яғни 4 жылға жасарды.Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Партия Төрағасының Парламент Мәжілісіндегі жа…

0
0
425

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды⠀Сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.⠀«Баршаңызды «Nur Otan» партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсетті. Сайлаудың ел тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы – жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды», – деді Елбасы.⠀Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жетістік жұмыла атқарылған жұмыс пен партияның әрбір мүшесінің еселі еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті…

0
0
226

10 қаңтарда өткен сайлау нәжитесі бойынша...

10 қаңтарда өткен сайлау нәжитесі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне біздің партиядан 76 кандидат жолдама алды. Жеңіс құтты болсын, партияластар!

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
177

Партия белсенділерімен кездесу.

Кездесудің мақсаты ауданымыздағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді талқылау, алдағы уақытта партия тарапынан атқарылатын істердің жоспарын жасап, бекіту. Кездесу барысында Жандос Сатыбалдыұлы жиынға қатысушыларды кешегі өткен үлкен саяси доданың сәтті аяқталуымен құттықтап, алдағы уақыттада дәл осы қарқынмен ел игілігі үшін жұмыс жасауға шақырды.

0
0
183

Мыңнан дара шыққан мықтылар

Мыңнан дара шыққан мықтылар

Байқадыңыз ба, сан сүзгіден сүрілмей, бүгілмей өткен кіл мықтылар биік мінберден орын алды. Бүгінде Алматы облысының өзінен Мәжіліс депутаттығына Мақпал Тажмағамбетова, Әлия Абсеметова, Жанна Тельпекбаева, Данияр Алимбаев өтті. Облысымыздың мәртебесін көтеріп биік шыңдардан, мінберден көріне беріңіздер. Жүзден жүйрік шыққан партияластардың қиын да жауапты жұмыстарына сәттілік тілеймін. Ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз еленіп, халықтың құрмет-қошеметіне бөленіп жүре беріңіздер!

0
0
186

Талқылау жиыны өтті

. Жиында 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауы талқыланды. Оның ішінде атаулы ауылдық округке қарасты елді-мекендердегі сайлаудың қаншалықты әділ өткендігіне баса назар аударылып,жиынға қатысушылардың пікірі тыңдалды. Қайыңды ауылдық округі сайлаушыларының басым көпшілігі "Nur Otan" партиясына дауыс беріп,еліміздің болашағы сенімді партияның қолында болатындығы айтылды. Жиында халықтың наразылығын туғызып жүрген әлеуметтік мәселелер де талқыға салынды.

"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
178