Жастар — елдің болашағы,Жастар — елдің тынысы.
Білім, ғылым үйреніп, түрлі кәсіпті меңгеріп, бойға жиған тәжірибелерін туған еліне арнауда. Жастардың жалынды жігерін «Ерікті жастар» жылында байқадық. Қандай жағдай, қандай ісшара болмасын, ерікті жастар алдыңғы шепте жүрді.Бүгін №18 колледжде аудан жастарының бірлесе ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік белестері» тақырыбында патриоттық акциясы болып өтті. Олар көк туымызды желбіретіп, «Тәуелсіздік жасасын!», «Қазақстан, Алға!» деп ұрандатты. Осындай рухты, елін, жерін сүйетін белсенді жастарымыз тұрғанда егемендігіміз мәңгі жасайды деп сенеміз.
