Қоғамдық ұйым, үкіметтік емес ұйымдар және «Аналар кеңесі»-нің өкілдерімен кездесу өтті
Жиын барысында қатысушылар сайлаудың әділ өткендігін, оны байқаушылардың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы және сайлау учаскелерінде дауыс беру барысында байқағандығын жеткізді. Қоғамдық ұйым мүшелері сайлау нәтижесіне сәйкес «Nur Оtan» партиясын халықтың көпшілігінің қолдап дауыс беруі халықтың болашаққа сенімінің мол екендігін білдіретіндігін де жеткізді. Бұл партияның қай уақытта да бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі болғандығының айғағы. Жиынға қатысушылар мемлекетіміздің дамуы басты мақсат екенін ескере отырып, саяси сауаттылықты арттырып, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ететіндерін және қоғамның саясатқа деген оң көзқарасын қалыптастыру жолында шараларды қолға алатындығын жеткізді. Кездесуде ауданымыздағы түйткілді мәселелер де талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

