Жаңа
Қоғамдық қабылдау
"Nur Otan" партиясы Бостандық аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, аудан тұрғындарының арыз-өтініштері мен мұң мұқтаждарын тыңдап, оларды оң шешу мақсатында Алматы қаласы мәслихат депутаты Зулеев Мухтар Махамбетұлы өзінің алғашқы жеке қабылдауын өткізді.
Жас депутат Жансая алғашқы қабылдауын өткізді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайы зерделенді
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының жүзеге асырылуы аясында қоғамдық көліктер мен аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін анықтау үшін партиялық рейд жүргізді. Комиссия мүшелері өткен жылы Тараз қаласы аумағында орнатылған жаңа үлгідегі 25 аялдаманың бірқатарын аралап көрді. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылары көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Мұрат Кәрібаев жаңа үлгідегі аялдамаларда биыл пандустар орнатылып, жарықтандыру жүргізілетінін жеткізді. Комиссия мүшелері бұған дейін де мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті пандустар орнатылған аялдамалардың жағдайымен танысып, оларға қатысты сын-ескертпелер айтты. Мұнан бөлек қоғамдық көліктердің…
Заңнамадағы новеллалар туралы ДАПК-да айтылды
2021 жылғы 4 ақпанда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің қатысуымен «Атамекен» өңірлік палатасының және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі заңнамалық шаралар және Агенттіктің жобалары туралы» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.Онлайн режимде спикер қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін отставкаға шығуы және басшылардың тәртіптік жауапкершілігі институтын енгізу, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, Агенттіктің халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жұмысы, «PBI», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобалары және туралы ақпараттандырды.Сонымен қатар, Н.И.Саме…
Сайлау қорытындысының заңдылығын қолдау мақсатында өткен кездесу
Аталған онлайн кездесуге бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен қатар белсенді партия мүшелері де қатысты. Кездесу барысында сайлау науқаны кезінде атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, сайлаудың әділ ашық түрде өткендігі және тұрғындардың жоғарғы деңгейде қатысқандары туралы баса айтылды. Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және белсенді партия мүшелері ой-пікірлерін ашық түрде жеткізіп, ортаға салды. Алдағы күндері атқаратын жұмыстар пысықталып, тапсырмалар берілді
"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалы
Бүгін "Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тарапынан Үржар ауылында салынып жатқан бассейн кешеніне мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында мердігерге бірнеше ескертулер жасалды, заң бұзу фактілері анықталған жоқ.
"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалы
Бүгін "Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Тұрлыбеков Әнет Біржанұлы азаматтарды қабылдап, өтініштерін тыңдады..
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Таласов Бақытжан Амангелдіұлы жеке қабылдау өткізді
"Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестесіне сәйкес, аудан тұрғындарының арыз-өтініштері мен мұң мұқтаждарын тыңдап, оларды оң шешу мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Таласов Бақытжан Амангелдіұлы жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына жауаптар беріліп, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгін аудандық мәслихат депутаты Дәулетбек Төлбасыұлы азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді
Бүгін "Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік сала, тұрғын үй—коммуналдық сала, материалдық көмек көрсету, қауіпсіздік мәселелері бойынша өз өтініштерін жеткізді. Депутат келушілерге өтініштері бойынша тиісті шаралар қолға алынатынын жеткізді, бірқатар азаматтарға заңнама аясында түсініктеме берді.