ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Nur Otan: Жалғысбасты анаға көмек көрсетілді

Аудан түрғынының өтініші бойынша 2021 жылдың 15 қаңтар күні Жарма аудандық мәслихатының депутаты Доғалбаев Қайратбек материалдық көмек көрсетті.

«Жеке өз атымнан және отбасымыздың атынан көп рахмет айтамын. Қиналған сәтте көмек сұрап «Nur Otan» партиясына барған едім мәселем оң шешіліп материалдық көмек көрсетілді» - деді жалғызбасты ана Сәлиқ Елуқан.

Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдауына келген азаматтардың басым көпшілігінің мәселесі баспана, әлеуметтік мәселелер болып келеді. Осы жылдың басынан бері облыс бойынша қоғамдық қабылдауға 850 өтініш келіп түскен болса соның 147 немесе 17 % баспана мәселесі, 206 немес 24% әлеуметтік мәселелерге қатысты, ал қалған 59 % өзгеде мәселелерге тиеселі болып отыр.

Жалпы қоғамдық қабылдауларға түскен 850 өтініштің 20 % оң шешімін тапса, 10 % өтініш бойынша жұмыс жүргізілуде. Ал қалған 70 % заң аясында тиісті түсіндірмелер бірілді.