Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оң шешілген мәселе

Алтай ауданы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне күн сайын әр түрлі мәселелер бойынша аудан азаматтары өтініш білдіреді, осы жылдың басынан бері әртүрлі салаларда 19 өтініш қаралды, оның 16-сы оң шешімін тапты, 3 өтініш бойынша заң аясында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Кезекті қоғамдық қабылдауға келіп түскен өтініштердің бірі Алтай қаласының тұрғыны Нина Васильевна Пантелееваның глюкометрге тест жолақтарын беруге көмек көрсету мәселесі бойынша болды.

Алтай аудандық партия филиалының қызыметкерлері аудандық аурухана дәрігерлеріне хабарласып тұрғынның арыз шағымын жеткізді.

-Инсулинге тәуелді емес тест жолақтары берілмейді. Бірақ зертханашыны Нина Васильевна үйіне қант деңгейіне талдау жасау үшін жіберіп тұратындығын боламыз»- деді аудандық аурухананың бас дәрігерінің меңгерушісі Л.Ю.Голикова

Өз кезегінде Нина Васильевна мәселесінің оң шешім табуына көмектесен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына алғысын білдірді.

0
0
200

Осы тақырып бойынша

Оң шешілген мәселе - Yvision.kz