Шалғай ауылдағы партиялық бақылау
Аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Шаимов Болат Кеңкияқ ауылдық округі орталығында орналасқан Болатбек, Абылай,Темірхан, Әліби азық түлік дүкендері мен құрылыс автомобиль бөлшектерін сататын дүкендердің қазіргі жағдайдағы санитарлық талаптарға сәйкестігіне бақылау жүргізді. Бақылау барысында, Абылай, Болатбек дүкендері талапқа сай сақтық шараларын ұстанып отырғандығын, дей тұрғанмен тұрғындар тарапынан дүкендерге бетперде киіп кіруді ескертуді кәсіпкерлер ескере берметіндігі байқалды. Осыған сәйкес дүкен иелеріне сақтық шаралардың маңыздылығы ескертілді. Сақтық шараларын сақтамау белгілі мөлшерде айыппұл төлеу мен аурудың ошағы болып қоршаған ортаға орасан зор қиындықтар әкелетінін ескертті. Кеңқияқ ауылдық округі әкімдігіне де тұрғындарға сақтық шараларын алу үшін тиісті жұмыстар жасау қажеттігі айтылды.
