Сайлау қортындысы бойынша өткен кездесу
"Саркөл ауылдық округі" БПҰ төрағасы Өсербаев Азаматтың жетекшілігімен өткен отырысқа ұйым мүшелерімен қатар белсенді партия мүшелері де қатысты. Кездесу барысында сайлау науқаны кезінде атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, сайлаудың әділ ашық түрде өткендігі және тұрғындардың жоғарғы деңгейде қатысқандары туралы баса айтылды. Ұйым мүшелері өз ой-пікірлерін ашық түрде жеткізіп, ортаға салды. Алдағы күндері атқаратын жұмыстар пысықталып, тапсырмалар берілді
