ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Облыстық мәслихат депутаты Гулмира Батпакулова облыс тұрғындарын қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Гулмира Батпакулова облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

«Арба» қоғам бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гулмира Батпакуловаға облыс тұрғыны денсаулық жағдайына байланысты тірек-қимыл жүйесі аппаратын алуға өтініш білдірген болатын. Тұрғынның денсаулығы екінші рет жүрек талмасы (инсульт) алуының салдарынан күрт нашарлап, нәтижесінде қозғалыс кезінде қиындықтар пайда болды. Гулмира Батпакулова тұрғынның өтінішін жерге қалдырмай, қоғамдық бірлестік жанынан тірек қозғалыс аппаратын сыйға тартты.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021