Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттардын ЭКО өкілдерімен кездесуі



Бүгін "Nur Otan" партиясының фракция мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін дайындалған "Жол картасын" талқыладық. Карта жеті бөлімнен тұрады. Ауданымыздың әлеуметтік, экономикалық дамуына қатысты жұмыстар жан-жақты сарапталып, әрбір шараға жауапты депутаттар белгіленді. Партия алдына қойған міндеттердің іске асуына нақты жұмыстармен өз үлесімізді қосатын боламыз.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100013577435245
11 ақпан күні Павлодар қалалық мәслихатында «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының төрағасы Ержан Иманслям қатысты. Отырыс аясында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың «Жол картасын» талқылау, сонымен қатар, Павлодар қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселе қаралды.Депутаттық фракция басшысы, «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Маликова жол картасы 2021 - 2025 жылдар аралығын қамтитынын және Павлодар қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес жасалғанын атап өтті. «131 іс-шара 7 басым бағытты қамтиды: экономикалық тұрақты қала, жай…
«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депуттарының сайлауында белсенділік танытқаны үшін Нұрлыбек Иманқұлов, Алмагүл Жұмабаева, Батырхан Карашинов, Дархан Ермағанбетовтарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады.


«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке сұрақтар бойынша Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Раисов және «Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы» ММ басшысы Ернұр Исмағанбетов, Партиялық бақылау комиссия мүшесі, «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, Ақбидай ауылындағы су құбыры және Новый шағын ауданында колонка дұрыс істемейтіндігі жөніде сұрақтар қойды. Сұрақтардың барлығына толық жауаптар беріліп, орындалуы бойынша мерзімдері нақты айтылды.


«Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды бастаймыз. Бүгінгі кейіпкеріміз Нысанбаева Айжан Ғибатоллақызы елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген тәжірибелі басшының бірі. 1966 жылы 16 қарашада Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев аулында туған. Ұлты –қазақ Білімі – жоғары. Мамандығы – мұғалім. Алғаш еңбек жолын 1989-1992 жылдары Чапаев аулындағы №1 орта жалпы білім беретін мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып бастаған Айжан Ғибатоллақызы 2001-2008 М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2014 жылдары «Ақ бота» балабақшасының меңгерушісі 2014 жылы «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып келеді. 2015 жылдын бастап аудандық мәслихаты…
Бүгін, "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен фракция отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының іске асыруы бойынша іс-шаралар жоспары - Жол картасы талқыланды. Елбасы, партия Лидеры Н.Назарбаев: - "Nur Otan" партиясының депутаттары әрбір өңірде, қала мен аудандарда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс" - деген болатын. Сондықтан да, халықтың сенімінен шығу үшін ,ауданымыздың даму бағыттарын айқындауда бүгінгі күні депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Біздің бағдарлама туған ауданымызды дамытуға бағытталған.Біз а…
‼«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті...
🎙- Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Мен білім саласының маманымын.Сондықтан ауданымызда осы саланың әрі қарай дамуы үшін еңбектенетін боламын.Бағдарлама бар,жоспар нақтыланды.Халықтың сенімін ақтап, аудандық деңгейдегі сайлауалды бағдарламамды іске асыруда әріптестерім белсенділік танытады деп ойлаймын.
Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!
#Nurotan
Бүгін "Nur Otan" партиясының Қостанай қалалық филиалында Қостанай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Р.С. Оразбаев, ҚР заңгерлер одағы РҚБ ҚОФ төрағасы В. В. Атаман – Лата және Қостанай қаласының жекеше нотариусы О. С. Бондаренкомен бірлесіп "Nur Otan"партиясы Қостанай қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында барлық сұрақтарға толық жауаптар мен тиісті кеңестер берілді, заңнама нормалары түсіндірілді.
