ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды бастаймыз.

«Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды бастаймыз. Бүгінгі кейіпкеріміз Нысанбаева Айжан Ғибатоллақызы елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген тәжірибелі басшының бірі. 1966 жылы 16 қарашада Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев аулында туған. Ұлты –қазақ Білімі – жоғары. Мамандығы – мұғалім. Алғаш еңбек жолын 1989-1992 жылдары Чапаев аулындағы №1 орта жалпы білім беретін мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып бастаған Айжан Ғибатоллақызы 2001-2008 М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2014 жылдары «Ақ бота» балабақшасының меңгерушісі 2014 жылы «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып келеді. 2015 жылдын бастап аудандық мәслихатының депутаты.

Еңбек еткен жылдары өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы және білікті басшы ретінде көрсетті. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым,ұстамды. Қандай жағдайда да қарапайымдылықтан айнымайтын, жан- жағындағыларға үнемі қол ұшын беріп жүретін осы адамнан ұстаз ретінде де, әріптес ретінде де көп нәрселерді үйренуге болады. Ол өз бойына адами құндылықтарды жинай білген жан.

Ол - ұстаз, ол - психолог, ол - ұйымдастырушы, ол - кеңесші, ол -отбасының ұйтқысы, үш ұл тәрбиелеп отырған үлгілі ана. Адамгершілік қасиеттерін тізбелесек осылай кете береді. Айжан Ғибатоллақызының еңбегі еленіп, облыстық, республикалық марапаттарға қол жеткізді.

2006, 2012 жылдары облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі табыстары үшін білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы облысымыздың әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновтың Құрмет Грамотасымен, 2017 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі мен халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Нысанбаева Айжан Ғибатоллақызы Ақжайық аудандық "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде жетекшілік етеді. Тұрғындарды бекітілген кесте негізінде жеке қабылдау жүргізеді. Байланыс телефондары: 8711-36-91-9-56, 8702-496-56-11.

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021 #Akzhayikdeputіes2021