ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті

Бүгін, "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен фракция отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының іске асыруы бойынша іс-шаралар жоспары - Жол картасы талқыланды.

Елбасы, партия Лидеры Н.Назарбаев: - "Nur Otan" партиясының депутаттары әрбір өңірде, қала мен аудандарда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс" - деген болатын. Сондықтан да, халықтың сенімінен шығу үшін ,ауданымыздың даму бағыттарын айқындауда бүгінгі күні депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Біздің бағдарлама туған ауданымызды дамытуға бағытталған.Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі ,дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратын боламыз.Жол картасы аудан дамуының көрсеткіші деп білемін.Депутат ретінде барлық ынта жігерімді ел дамуына арнайтын боламын.