11 ақпан күні Павлодар қалалық мәслихатында «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының төрағасы Ержан Иманслям қатысты.
Отырыс аясында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың «Жол картасын» талқылау, сонымен қатар, Павлодар қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселе қаралды.
Депутаттық фракция басшысы, «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Маликова жол картасы 2021 - 2025 жылдар аралығын қамтитынын және Павлодар қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес жасалғанын атап өтті.
«131 іс-шара 7 басым бағытты қамтиды: экономикалық тұрақты қала, жайлы қала, әлеуметтік бағдарланған қала, жастарға арналған қала, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті билік және қауіпсіз қала», - деді А. Маликова.
Павлодар өңірінің ерекшеліктерін ескере отыра, бірқатар мәселелер белгіленіп, оларды шешу жолдары айтылды. Бұған жаңа жұмыс орындарын құру, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, инженерлік желілерді жөндеу және ауыстыру, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімді объектілер санын көбейту, сондай-ақ қала жолдарының инфрақұрылымы мен жол жамылғысының сапасын жақсарту кіреді. Осылайша, жол картасының әр бағыты бірлесіп қарастырылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай кем дегенде 200 балалар ойын алаңдары, 21 шағын футбол алаңдары, 36 стритбол алаңдары орнатылады, 5 жаңа мектеп салынады, 4 мектепке дейінгі ұйымдар ашылады, 450 тұрғын үйдің ауласында жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, кәріз желілерін қайта құру және салу және т.б. жоспарланған.
Бұдан бөлек, кездесу барысында ғылымды, мәдениетті және өнерді дамыту мәселелері талқыланды.
Адамдарға ашық және есеп беретін жергілікті атқарушы органдар құру механизмін іске асыру бойынша шаралар, сондай-ақ аймақтағы қылмыстық ахуалды жақсарту үшін қажетті іс-шараларды іске асыру әрекеттері талқыланды.
_______________
11 февраля состоялось собрание депутатской фракции партии «Nur Otan» в Павлодарском городском маслихате. В мероприятии принял участие аким города Павлодара, председатель ПГФ партии «Nur Otan» Ержан Иманслям.
В рамках собрания прошло обсуждение «Дорожной карты» по исполнению предвыборной программы партии «Nur Otan», а также был рассмотрен вопрос об утверждении плана работы депутатской фракции в Павлодарском городском маслихате на 2021 год.
Руководитель депутатской фракции, первый заместитель председателя Павлодарского городского филиала партии «Nur Otan» Айгуль Маликова отметила, что дорожная карта охватывает период с 2021 по 2025 годы и разработана в соответствии с предвыборной программой партии «Nur Otan» по городу Павлодар.
«Предусмотрено 131 мероприятие, охватывающие 7 приоритетных направлений: экономически устойчивый город, комфортный город, социально-ориентированный город, город для молодежи, развитие истории и культуры, открытые и подотчетные местные органы и безопасный город», – сказала А. Маликова.
Учитывая особенности Павлодарского региона, были намечены ряд проблем и озвучены пути их решения. В том числе это создание новых рабочих мест, защита окружающей среды от загрязнений, ремонт и замена инженерных сетей, увеличение числа объектов, имеющих доступ к централизованному водоснабжению, а также улучшение качества инфраструктуры и дорожного покрытия городских дорог. Так совместно было рассмотрено каждое направление дорожной карты.
В результате принятых мер к 2025 году будет установлено не менее 200 детских игровых площадок, 21 мини-футбольное поле, 36 стритбольных площадок, пройдет строительство 5 новых школ, состоится открытие 4 дошкольных организаций, на внутридворовых территориях 450 жилых домов будут проведены работ по освещению. Также намечена реконструкция и строительство сетей канализаций и многое другое.
Помимо этого, в ходе заседания, прошло обсуждение вопросов развития науки, культуры и искусства. Были рассмотрены меры по реализации механизма построения открытых и подотчетных для людей местных исполнительных органов, а также действия, необходимые для улучшения криминогенной обстановки в регионе.
По итогам заседания Дорожная карта по реализации предвыборной программы партии была рекомендована к утверждению на заседании Бюро Политсовета.