ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Раисов қоғамдық қабылдауы

«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке сұрақтар бойынша Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Раисов және «Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы» ММ басшысы Ернұр Исмағанбетов, Партиялық бақылау комиссия мүшесі, «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, Ақбидай ауылындағы су құбыры және Новый шағын ауданында колонка дұрыс істемейтіндігі жөніде сұрақтар қойды. Сұрақтардың барлығына толық жауаптар беріліп, орындалуы бойынша мерзімдері нақты айтылды.