Мазмұнға өту

Жаңа

Арқалық қаласының прокуроры Успанов Мұрат Теміртасұлы қоғамдық қабылдау өткізді.

22 қаңтар күні сағат 10.00- де барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Арқалық қаласының прокуроры Успанов Мұрат Теміртасұлы "Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға, Арқалық қаласының екі тұрғыны және Арқалық қаласына қарасты Көктау аулының 1 тұрғыны келді. Қабылдау барысында көтерілген сұрақтар: тұрғын – үй мәселесі бойынша жекелендіру, әлеуметтік және медицина қызметі бойынша болды. Келіп түскен барлық арыз-шағым бойынша жан-жақты тексерулер жүргізіліп, өкілетті органдарға жазбаша беріледі. Медицина бойынша келген сұрақтын шешілуі Арқалық қаласы прокурорының қадағалуында болады.

0
0
274

Бүгін Шардара аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясының фракциясының отырысы өтті

Бүгін Шардара аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясының фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Жолдыбай және аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Қарымсақов қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Шардара ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының іске асыруы бойынша іс-шаралар жоспары - Жол картасын талқылау бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев сөз сөйледі. Жиын соңында фракция мүшелері жол карта туралы пікірлерін білдіріп, жол картасы бойынша аталған іс-шаралар жоспарының орындалуына атсалысатындықтарын жеткізді. Жол картасы талқыланып, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзі…

0
0
144

Аудандық мәслихат депутаты Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы қоғамдық қабылдау өткізді

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы қоғамдық қабылдау өткізген болатын. Қоғамдық қабылдауға келген Шардара қаласының Түгелбаев даңғылы №9 үйдің тұрғыны Сойченко Павел Николаевич үйінің шатыры өртеніп қиын жағдайға тап болғанын айтып, көмек сұрады.Осы мәселені көріп бей жай қарап отыра алмаған Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы «TECTUM ENGINEERING» ЖСШ директоры Саданов Айдар Калимодановичпен бірлесіп, үйінің шатырын жабуға керек заттарды алуға көмек көрсетті. Өз кезегінде Сойченко Павел Николаевич «Nur Otan»…

0
0
180

Арқалық қалалық мәслихат депутаты Сабыржан Нұрсалиұлы Тасмағанбет

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ғимаратында барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып мектеп оқушыларының тестілеуі өтті. Осы іс шараға барлық талаптарды қадағалау үшін Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Арқалық қалалық мәслихат депутаты Сабыржан Нұрсалиұлы Тасмағанбет қатысты.

0
0
280

Аудандық Жер қатынастары бөлімінің басшысы Зұлпыхарұлы Мейрамбек жеке қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін «Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалының бекіткен кестеге сәйкес Шардара аудандық Жер қатынастары бөлімінің басшысы Исаев Мейрамбек Зұлпыхарұлы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар жер мәселесі бойынша көптеген сұрақтарымен жүгінді.

Көтерілген мәселелерге бөлім басшысы Исаев Мейрамбек Зұлпыхарұлы тұрғындарға егжей-тегжей түсіндіріп өтті.

0
0
134