«Біздің депутаттар» айдары
Құрметті достар!Сіздерді «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы ауданымыздың халық қалаулыларымен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – «Теректі» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Идиятов Сержан Серікұлы.Сержан Серікұлы 1976 жылы 3 мамырда Жымпиты ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Үйленген. Екі бала тәрбиелеп отыр. 1983 жылы ата-анасымен Теректі ауданының орталығы Федоровка ауылына көшіп келген. Сол жылы Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебінің табалдырығын аттап, 1993 жылы тәмамдаған. 1993-1997 жылдар аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде агроном мамандығына оқып, өзіне ұнайтын ауыл шаруашылық саласының қыр-сырына қанығады.Жоғары оқуды бітірген жас маман еңбек жолын «Арасан» ЖШС-нің мен…