ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

"Кедергісіз келешек" мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тақырыптық қабылдау өтті

11 Ақпанда "Nur Otan" партиясы Есіл аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауында "Кедергісіз келешек"партиялық жобасын іске асыру аясында Whatsapp арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тақырыптық қабылдау өтті. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша консультант А.Б. Ануарбекова, аудандық мәслихат депутаты А. Б. Сыздығалин және Есіл ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы А. Накбаева қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар Есіл қаласы тұрғындарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу, балаларының денсаулығына байланысты медициналық көмек, сондай-ақ азық-түлік себетіне көмек көрсету мәселелерімен жүгінді.

Барлық айтылған сұрақтар бойынша келушілерге қолданыстағы заңнама аясында толық түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутатынан Т.А. Мұсаеваға азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі дәрі-дәрмектермен көмек көрсетілді.