ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні.

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні.

Интернационалист-сарбаздарды еске алу күні.

1989 жылдың 15 ақпаны күні Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағынан шығарылды. Осылайша 15 мың жерлесіміз жоғалған 10 жылдық соғыс аяқталды.

Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні - бұл ауғандық ардагерлердің мейрамы және барлық қаза тапқан интернационалистерді еске алу және аза тұту күні екені анық. Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін – тарихи күн! Тағдырлы күн!

Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтеген біздің құрметті ауған жауынгерлер!

Сіздерге болаттай денсаулық пен жан тыныштығын тілейміз! Мейірімді және жанашыр жүректеріңіз үшін өмір сіздерге туыстарыңыз бен достарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығымен, жарқын сәттерімен және қуанышты кездесулерімен марапаттасын!

Отпен оқтың ортасынан аман-сау келген сіздерге тек жақсылық пен сәттілік тілейміз! Кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың белгісіндей, жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін!