ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлауына тыңғылықты дайындалды.

"Nut Otan" партиясы биылғы қаңтарда өткен Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлауына тыңғылықты дайындалды. Оның айқын дәлелі партияның саяси даму тарихында тұңғыш рет ауыл-елдімекендерді түгел қамтыған жергілікті бағдарламалар жасақталды. Құжатты қалыптастыру кезінде тек партия мүшелерінің ғана емес, қоғам өкілдерінің, жалпы жұртшылықтың өтініш-тілегі қаперге алынды. Жоспарды түзу бар да, оны жүзеге асыру бар. Осы орайда, Жұбан елінде жасақталған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға арналған арнайы Жол картасы дайындалды. Біз, аудандық мəслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, нақты іс-қимыл жоспарын егжей-тегжейлі талқылып, өзіндік міндеттерді айқындап алдық. Алдағы уақытта осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, жергілікті атқарушы органнан сайлауалды бағдарламаның орындалуын талап етіп, бақылауда ұстаймыз.

Мұндай жол карталары барлық деңгейде жасақталды. Оның өзегі, жоғарыда айтқанымдай, “Nur Otan” партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы болып табылады.

Республикалық болсын, жергілікті деңгейде болсын жасақталған жол картасы нақты, ашық əрі түсінікті. Өзім білім саласы қызметкері болғасын осы бағыттағы жоспарға мысал ретінде тоқталсам. 2025 жылға қарай партия 800 жаңа мектепті салу есебінен апатты және үш ауысымды мектептердің мəселесін түбегейлі шешуге дайын. Шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады, сондай-ақ барлық мектепте педагогтар тапшылығы жойылады. Барлық білім ордасында спортпен айналысуға жағдай жасалады. Әрбір мектепте пәндік кабинеттер ашылып, интернет қолжетімді болады. Өзім басшылық ететін ауыл мектебінде әр сынып талшықты-оптикалық интернет желісіне қосылғанын айта кетсем деймін. Бұдан да басқа межеленген мерзімге дейін жоталы жоспарымыз бар. Бастысы, жол картасы - құр қиял емес, қаржылық қамтамасыз етілетін келісілген құжат. Ендігі жерде ел болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызмет етсек, жетекші ұйымның жұмысы жандана береді. Ал, партия уəделері орындалған сайын халықтың əл-ауқаты артып, өңір өркендей бермек. Ендеше, ел алдындағы еңбегіміз жемісті болғай!