Бибігүл Тишанқызы мен Азамат Ғимранұлы аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Барлық уақытта партия алдына ұзақмерзімді стратегиялық міндеттер қойылып, олар сәтті жүзеге асырылды. "Nur Otan" партиясының жетістігі - мемлекетіміздің тұрақты дамуын, азаматтарымыздың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етті. Осы табыстарымызды одан әрі жалғастыру мақсатында "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама – бай тәжірибелерді, шынайы мүмкіндіктерді, нақты жоспарларды қамтыған, әбден жетілген, әлеуметтік-экономикалық, саяси маңызды құжат. Ол - баршаға тең мүмкіндік, зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт, орнықты экономика, халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар сияқты уақыт талабынан өткен, кез-келген заманауи қажеттіліктерге жауап бере алатын ауқымды бағыттарды қамтыған.Бүгін облыстық мәслихат депутаттары Бибігүл Тишанқызы Қонысбаев мен Азамат Ғимранұлы Бисенов аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар негізіндегі жол картасы іс шаралары айтылды.Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары тарапынан облыстық деңгейде шешу үшін ұсыныстар берілді.Барлық ұсыныстар мен сұрақтар барысына облыстық мәслихат депутаттары Б.Қонысбаева мен А.Бисенов талдау жасап,ел игілігі жолында бірге еңбектенуге шақырды.Халқымызда “төртеу түгел болса,төбедегі келеді”деген бар.Ендеше “Nur Otan” партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.Оның басты мақсаты-халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау.