Тоғызқұмалақ -ақыл-ой өрнегі
Тоғызқұмалақ-қазақтың ұлттық ойыны. Бұл ойынның қай уақытта пайда болғанын әлі ешкімде анық білмейді. Ғалымдардың есептеуінше 4-5 мың жылдай болған дейді. Алғашқы кезеңдерде жерді қазып қойдың құмалағымен ойнаған. Бұл ойынды кейде «Шопандар алгебрасы», «Тақ сандар мен жұп сандардың тартысы» депте атайды. Себебі, тоғызқұмалақты шопандар ойлап шығарған болса керек.Тоғызқұмалақтың балаларға арналған қарапайым түрлерін «қоздату», «бестемше» деп атайды. «Қоздату» ойынында үш ұядан ғана болып әр ұяға бес тастан салынады. Ал өзінің атына сәйкес «бестемшеде» бес ұядан болып оған тоғыз тастан салынады. Бұл ойын- шамамен 7-14 жастарға арналған балалар ойыны. Ал қазіргі уақытта бұл ойынды ағаштан, пластмассадан тақта жасап сонымен ойнап жүр. Бұрынғы кездерде тоғызқұмалақты әр аймақта әр түрлі ойнай…