Сыбайлас жемқорлық-індет оны жою -міндет
Бүгінгі қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес басты мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің арасында орын алатын сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шаралары республикалық деңгейде барынша қолға алынуда. Бұл үшін үкімет мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлердің айлық жалақаларын ауқымды көлемде өсіріп, әлеуметтік жағынан толық қамтуға тырысып жатыр. Алайда, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы бойынша 2020 жылға ешқандай жемқорлық фактісі тіркелмеген. Аудандағы барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызметкерлері өз білімдері мен тәжірибелерінің нәтижесінде жұмыс атқарып келеді. Дегенмен, қандай да бір жағдай туындайтын болса біз ең бірінші болып тиісті органдарды хабардар еті отырып, сақтық шараларын қолға аламыз.
