Zoom платформасы арқылы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Амангельдинов М.С Zoom платформасы арқылы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындары жұмысқа орналасу және әлеуметтік қамтамасыз ету тағы басқа әр тараптағы мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер Амангелдинов Мадияр Серікұлының тікелей бақылауына алынып, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді.
