Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлық-індет оны жою -міндет

Бүгінгі қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес басты мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің арасында орын алатын сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шаралары республикалық деңгейде барынша қолға алынуда. Бұл үшін үкімет мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлердің айлық жалақаларын ауқымды көлемде өсіріп, әлеуметтік жағынан толық қамтуға тырысып жатыр. Алайда, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы бойынша 2020 жылға ешқандай жемқорлық фактісі тіркелмеген. Аудандағы барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызметкерлері өз білімдері мен тәжірибелерінің нәтижесінде жұмыс атқарып келеді. Дегенмен, қандай да бір жағдай туындайтын болса біз ең бірінші болып тиісті органдарды хабардар еті отырып, сақтық шараларын қолға аламыз.

0
0
180

"Казпочта" АҚ және байланыс торабы "Қазақтелеком" АҚ ұжымдарымен кездесті.

Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаттары аудандағы пошта торабы "Казпочта" АҚ және байланыс торабы "Қазақтелеком" АҚ ұжымдарымен кездесті. Аудан халқының күнделікті тұтынатын ең негізгі қажеттіліктерін өтейтін аталмыш ұйымдардың жұмысымен танысып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

0
0
176

Сайланған аудандық мәслихат депутаттары ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаттары ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізіп, сайлау нәтижелерін талқылады. Кездесу барасында зиялы қауым өкілдері мен аға буын жаңадан сайланған халық қалаулыларына ақ батасын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
194

Сайланған депутаттары сайлау алды кампаниясының жұмыстарын сараптауда.

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясының жаңадан сайланған депутаттары сайлау алды кампаниясының жұмыстарын сараптауда. Екі айлық уақыт ішінде жасалынған жұмыстар мен берілген уәделерді одан әрі жүзеге асыруды күн тәртібіне қойды. Жалпы үгіт-насихат барысында партиялық бағдарламадағы жеті басым бағыт түгел қарастырылды. Ендігі кезекте соны рет-ретімен орындау міндеті тұр.

0
0
138

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889)

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткеріЫбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құшт…

0
0
552

Кедергісіз келешек

Ағымдағы жылдың 20-шы қаңтарда Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында сағат 11:00-де мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

0
0
164

Жамбыл Жабаев – ақын-импровизатор, Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі.

Жамбыл Жабаев – ақын-импровизатор, Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі. Ол 1846 жылы 28 ақпанда Шапрашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келді. Отбасылық тарих бойынша, Жамбылдың анасы Ұлдан, Жамбылдың атасы Ыстыбайдың ауылы шапқыншылардан қашып жүрген кезде босанған. Яғни, ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келген. Сөйтіп, баланы таудың құрметіне орай Жамбыл деп атады.

0
0
237

ZOOM платформасы арқылы "BIZBIRGEMIZ" онлайн эстафетасы

Қорғалжын ауданы "Nur Otan" партиясының ZOOM платформасы арқылы "BIZBIRGEMIZ" онлайн эстафетасын аудандық мәслихатқа кандидат Архабаева Марал Жақсылыққызы жалғады. Және кандидат өз тарапынан бұқараға үгіт-насихат жұмысын да жалғады. Қорғалжын әлеуметтік маңызы бар аудан болғандықтан медицина сапасына және қол жетімділігіне байланысты сұрақтар қарастырылды.

0
0
227

Фракция мүшелері психологиялық – педагогиялық түзеу кабинетінің жаңа ғимараттың жағдайымен танысты

Әйтеке би аудандық мәслихатының депутаттары, «Nur Otan» партиясының Әйтеке би аудандық филиалындағы депутаттық фракциясының мүшелеріпсихологиялық – педагогиялық түзеу кабинетінің жаңа ғимараттың жағдайымен танысты. Психологиялық – педагогиялық түзеу кабинетінің директоры К.Ергабылова депутаттарды мекеме жұмысымен таныстырды.

0
0
248