Тоғызқұмалақ -ақыл-ой өрнегі
Тоғызқұмалақ-қазақтың ұлттық ойыны. Бұл ойынның қай уақытта пайда болғанын әлі ешкімде анық білмейді. Ғалымдардың есептеуінше 4-5 мың жылдай болған дейді. Алғашқы кезеңдерде жерді қазып қойдың құмалағымен ойнаған. Бұл ойынды кейде «Шопандар алгебрасы», «Тақ сандар мен жұп сандардың тартысы» депте атайды. Себебі, тоғызқұмалақты шопандар ойлап шығарған болса керек.Тоғызқұмалақтың балаларға арналған қарапайым түрлерін «қоздату», «бестемше» деп атайды. «Қоздату» ойынында үш ұядан ғана болып әр ұяға бес тастан салынады. Ал өзінің атына сәйкес «бестемшеде» бес ұядан болып оған тоғыз тастан салынады. Бұл ойын- шамамен 7-14 жастарға арналған балалар ойыны. Ал қазіргі уақытта бұл ойынды ағаштан, пластмассадан тақта жасап сонымен ойнап жүр. Бұрынғы кездерде тоғызқұмалақты әр аймақта әр түрлі ойнай берген. Тек өткен ғасырдың екінші жартысынан бері ғана бір жүйеге келтіріліп бір тәртіппен ойнай бастады. Қазіргі кезде республикалық, азиялық, дүние жүзілік жарыстар өтіп жатыр. Ең бірінші дүниежүзілік жарыс Астана қаласында өтті. Екіншісі Чехияда Прага қаласында өтті. Ал үшінші дүниежүзілік жарыс Алматы қаласында 2015 жылы 22 мемлекеттің қатысуымен өтті. Бұл ойын жөнінде Тараздық Әбілдә Ақшораев ағамыз көптеген кітаптар жазды. Жамбылдық С. Тілеубаев ағамыз алғаш тақтасын ойлап тапқан.Ойынды сағат арқылы ойнайды, жазып ойнайды. Тоғызқұмалақ адамның ой-өрісін кеңейтеді, ауызекі есепке төселдіреді, ұстамдылық пен тапқырлыққа баулиды.
Қазіргі ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Ал жүру әдісіне келер болсақ-солдан оңға қарай ойнайды. Тоғызқұмалақтың әрбір тоғыз отауында өзіне тән аттары болады және оның мағынасы тереңде жатыр.
Сонымен: 1-арт
2-тектұрмас
3-ат өтпес
4-атсыратар
5-бел
6-белбасар
7-қандықақпан
8-көкмойын
9-маңдай
Иә, ғасырлар тереңіне үңіліп қарасақ бұл ойынды халқымыздың ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлы сынды тұлғалар сүйіп ойнаған. Ұлы Октябрь таңы атып, Совет өкіметі орнағаннан кейін ата-бабаларымыздың асыл мұраларыны бірі ретінде тоғызқұмалақ ойыны өмірге келгендей болды.
«Он сегіз отау, қос қазан,
Даналық көзін зерлеген.
Өрісін ойдың ұзартып,
Төменге құлаш сермеген.»- деп Сәлмен Мұхтар Ержанұлы ағамыз жырлағандай тоғызқұмалақ ежелгі адамдардың көшпенді өмір салтынан пайда болған. Ал бүкіл адамзаттың өмірі көшпенділіктен басталады. Қазақ халқы ертеден табиғатпен етене байланысқан халық. Шыныменде бұл ойынға назар салып қарасақ мұндағы «қазан», «отау», «құмалақ» сөздері қазақ халқының ежелден тұрмысында пайда болған сөздер екенін аңғаруға болады.
Тоғызқұмалақ- есеп ойыны. Бұл ойын шахмат ойыны сияқты тапқырлықты, ұшқыр ойды талап етеді. Тіпті шахматқа қарағанда өте күрделірек. Өйткені, ойынды немесе оның кейбір жеке позицияларын тақтаға қарамай, абстракты түрде ойлау өте қиын. Ал шахматта тақтаға қарамай-ақ бір кісі бірнеше адаммен ойнай береді. Тоғызқұмалақ ойыны қазақ өмірінің көрінісі. Бұл сөзге көзімізді жеткізуіміз үшін екеуін салыстырып көрелік.
Баяға заманда көп балалы үй бір әкеге, ал бүкіл ру рубасы ақсақалға қатаң бағынған. Бала кәмелетке жеткен соң әкесі оны үйлендіріп отау құрады. Әрбір отауда тоғыз құмалақ болғандықтан, ол отаудң басы адам деген ишара береді. Кейін балалар өскен сайын отаулары көбейіп, одан әрі көбейе береді. Тоғызқұмалақта екі түрлі байлық бар. Біріншісі- қазандағы құмалақтар, кім өзінің қазанына көп құмалақ жинаса-сол жеңіске жетеді. Екіншісі- отаулардағы құмалақтар. Бұлар қазандағы құмалақтарды көбейту үшін пайдаланады, яғни жеңіске жету құралы. Сонымен өмір көріністерін тоғызқұмалақпен салыстыратын болсақ отаудағы әрбір байлық шынайы өмірдегі байлық тәрізді көбейіп, бірде кеміп отырады. Ал қазандағы байлық өзгермейді, тек қана ұлғайып отырады жәнежеңіске жеткізетінде осы байлық, сондықтан екеуіде біздің өміріміздегі рухани байлық тәрізді. Ойын шартны дәлірек айтсақ тақ санды отау ашық, жұп санды оту жабық деп аталады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтар санын жұп қылсақ (2, 4, 6, 8, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Ал егерде соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мұндай жүріс жай жүріс деп аталады. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде, орны бос қалады. Көшпенділік салтынан пайда болған тоғызқұмалақ адамзат мұрасына жатады. Рухани байлық ешқашан, мәңгілікте кемімейді.
Міне, біз тоғызқұмалақты зерделей келе оның тұңғиық мағыналарын білгендей болдық. әзірде ол ойын елімізде кеңінен ойналым жүр. Осы тоғызқұмалақ ойынын ертеңгі ұрпаққа өшпестей ізін қалдыруымыз қажет. Бір тоғызқұмалақ ойынын келешек ұрпаққа қалай насихаттай аламыз?
Ол үшін елімізде ол ойын түріне жаңашыл көзбен қарап, қызықты және ой ұшқырын дамытатын ойын екенін дәлелдеу қажет. Түрлі мектептерде ол ойынға аса мән беріліп, әраймақта күн сайын, ай сайын сайыстар ұйымдастырып оқушының жүрегіне орын табу. Тоғызқұмалақ ойыны ешқашан өшпейді.
Қане, балалар, біз де осындай үлкен дарын иесі болуға атсалысайық! Ертеңгі елдің болашағын жалғастыратындай, ойынды жетік меңгерген, әлемді өзіне қаратып, тоғызқұмалақ әлемін гүлдендірген азамат болайық. Бұл ісіміз – елдің өркендеуі мен дамуына үлкен үлесіміз және мақсат-борышымыз!
Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
