Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тақырыптық қабылдау онлайн форматта whatsapp желісі видеобайланыс арқылы өтті.

"Nur Otan" партиясы Қорғалжын аудандық филиалының «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес, 2021 жылдың 11-ші ақпанында, сағат 10:00 де «Nur Otan" партиясы Қорғалжын аудандық филиалында Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бірыңғай тақырыптық қабылдау онлайн форматта whatsapp желісі видеобайланыс арқылы өтті.

Қабылдауға Қорғалжын ауданындағы бөлімдердің төмендегідей басшылары қатысты.

Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысының орынбасары К.Қ.Муқатова , Қорғалжын аудандық аурухананың бас дәрігері М.Ж.Архабаева.Қорғалжын аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы М.К.Ермаганбетова.

Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Д.Т.Аймағанбет.Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы С.М.Мамираимова қатысты.

Қабылдауда қойылған сұрақтарға заң негізінде жауап беріліп,шешімін тауып,ұсыныстар айттылды.

0
0
221

Осы тақырып бойынша

Тақырыптық қабылдау онлайн форматта whatsapp желісі видеобайланыс арқылы өтті. - Yvision.kz