ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қорғалжын аудандық"Nur Otan" партиясы филиалында қоғамдық қабылдау онлайн форматта өтеді.

Қорғалжын аудандық филиалының "Nur Otan" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн форматта азаматтарды қабылдау жұмысы жүріп жатыр. Мемлекеттік ұйым басшылары, құқық қорғау мемкемелерінің басшылары, жеке нотариус, адвокат, заңгер, медиатор, сонымен қатар облыстық және аудандық мәслихат депутаттары азаматтық қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды. Қабылдау кестесі ай сайын аудандық газет беттерінде, әлеуметтік желіде жарияланатын болады.

8 (71637) 2-23-90 телефон нөміріне хабарласу арқылы немесе Қорғалжын ауданы , Күмісбеков көшесі 31, "Nur Otan" партиясы Қорғалжын аудандық филиалына келіп, қабылдауға жазылуға, қабылдау кестесімен танысуға болады.