Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Омаров Б.К қабылдау өткізді
Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясы филиалы ғимаратында, Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Омаров Б.К азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындары бизнес ашу, және атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсыру тағы да басқа әр тараптағы мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер Омаров Бекзат Қазбекұлы тікелей бақылауына алынып, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді.
