ru
Default banner
Общество
Общество
6 661 жазбалар975 тіркелуші
Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!
0

Біздің де айтарымыз бар сияқты болады да тұрады

Кеңестік дәуірде ауылдық жерде тудық. Мектепке де сол "кеңестік кезеңде" бардық та, ең соңғы "октябрят"-тардың қатарына ілігер-ілікпесте "қызыл империяның" құлап қалғанын көрдік. Артынша, құлаған империямен бірге өзіміздің туып-өсіп жатқан ауылдарымыздың, шындығында компартиялық биліктің жоспарлы жүйесіндегі кеңшарлық өнеркәсіптің құлдырауына да куә болдық.

Тәй-тәй басқан тәуелсіз еліміздің шайқалып барып, еңсесін көтере бастаған кезінде, яғни тәуелсіздіктің 10 жылдығына аяқ басқанда, біз де орта мектепті аяқтадық.

Арада бақандай 20 жыл өтті. Біреулер үшін тым жас болмасақ та, "әлі жас сияқты" болғанымызбен, қырыққа таяп қалған жасымыз бар. Арада өзіміз өскен ауылда егістікте, мәдениет үйінде қарапайым қарауыл, егіс жұмысшысы болып та жұмыс жасап, қалаға келіп студент те атандық. Ғылым мен білім беру, өндірісте де еңбек еттік. Жағаласып қоғамдық жұмыстарда да "белсенді" болдық. Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде, сондай-ақ алыс-жақын біршама елде тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өттік.

Жасағанымыз соншалық көп болмаса да, ойға түйгеніміз, кейбір "неге бұлай?" деген сұрақтарға "былай ғой..." деп "бірнәрсе айтқымыз келетін сияқты" болып тұрады))).

Қысқасы, анда-санда, қол боста және "шабыт болған кезде" өзімнің ойымдағымен бөліссем бе деп қоямын. Ал, сіздер бұған не дейсіздер?!