Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 543 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде

Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкерлер мен жұмыссыздардың қатысуымен азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелеріне арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.Шара барысында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Қайырбек Джуманиязов әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын негізге ала отырып, қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі елімізде іске асырылып жатырған мемлекеттік және салалық бағдарламаларға тоқталды.Бұл ретте, аталған бағдарламалар шеңберінде көрсетілетін көмектердің түрлерімен таныстырылып, бағдарламаларға қатысу шарттары мен қатысушыларға қойылатын талаптар туралы егжей-текжейлі түсіндірілді. Осы мақсатт…

0
0
210

Бүгін кездесу Ақсуат ауылында өтті.

Бүгін кездесу Ақсуат ауылында өтті. Кездесуге қоғамдық штаб басшысы Мирхат Ибраев және штаб мүшесі Қазиханов Білікбай ағай қатысты.Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді. Сонымен қатар, өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Сайлауалды бағдарламадағы «Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы және орнықты ауыл» бағытына тоқталып, тұрғындарға жер қолжетімді болатыны және ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жандан…

0
0
142

Қанай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Қ.Ермекбаев, И.Сатимов Қанай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Қоғамдық штабтың мүшелеріҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.- Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз.«Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді.,-деген болатын Қ.К…

0
0
192

Ақбұлақ ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ақбұлақ ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өткізді.Қоғамдық штаб төрағасы О.Тулемисов және штаб мүшесі С.Дүйсенов Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. - Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз. Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жа…

0
0
187

Штаб мүшелері мұғалімдермен кездесті

Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Жаңақала аудандық №3 жалпы орта білім беретін мектебінің мүғалімдерімен президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөнінде кездесу өткізді.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Оның ішінде қолжетімді және сапалы білім бойынша тоқталып өтті.

Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатыр.

Талантты, білімді, отансүйгіш ұрпақ неғұрлым көп болса, әл-ауқатымыз соғұрлым тез артады. Бұл істе педагогтеріміздің рөлі зор.

Біз мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыруды, шығармашылық жұмысына қолайлы жағдай жасауды және оларды артық міндеттерден босатуды жалғастырамыз деді. Сол мақсатта 15 түр

1
0
165

Штаб мүшелері аурухана қызметкерлерімен кездесті.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб Т.Жанболатов, Е.Текебаев, Н.Бердигалиев аудандық аурухананының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде үміткердің сайлауалды бағдарламасындағы ауыл тұрғындарын кәсіби медицинамен қамтамасыз ету жөніндегі, заманауи медицинаны жақсарту үшін бірәз ақпаратты қамтылғанын атап өтті.

Қазіргі медицина саласының негізгі міндеті – өмір сүру ұзақтығын арттыру, азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту болып табылады деді Т.Жанболатов.

#Toqaev2022

1
0
161

Бөрлі ауылының өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін аудандық қоғамдық штабтың мүшесі Бөрлі ауылының өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық қоғамдық штабтың мүшесі И.Сатимов және Қасым-Жомарт Кемелұлының сенім білдірген өкілі М.Утемуратов қатысты. Кездесуде сөз алған штаб мүшесі И.Сатимов ел Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының жүзеге асып жатқан реформалардың нәтиже бере бастағандығын жеткізді. Жыл сайынғы жолдауларына сай жүзеге асып жатқан жобалардың маңыздылығына тоқталды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы экономика, білім беру, халық денсаулығы сияқты маңызды тұстарына тоқталды. Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні өтетін ҚР Президентін сайлауына бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды.

0
0
145

Штаб мүшелері жастармен кездесті

Халық коалициясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау бойынша аудандық қоғамдық штабының мүшелері Арман Сагидоллин және Нұрсұлтан Қадырғалиев Теректі ауылының жастарымен кездесті. Жиында қоғамдық штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа Қазақстанды құруды көздейтін Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға шақырды. Жиын қорытындысында жігерлі жастардың алдағы сын сағатта сайлау учаскелерінен табылып, дұрыс әрі тарихи таңдау жасайтындарына сенім білдірді.

#Toqaev2022

0
0
152

Аудандық қоғамдық штаб өкілдері экспромт кездесулер өткізуде.

Бүгін «Димар» сауда үйінде қоғамдық штаб өкілдері ауыл тұрғындарымен, бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуде қоғамдық штабтың мүшелері іс-шараға қатысқан азаматтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Қоғамдық штаб белсенділері үгіт парақшаларын таратты.

#Toqaev2022

0
0
212

Штаб мүшелері сайлаушылармен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін аудандық қоғамдық штаб төрағасы О.Тулемисов, штаб мүшелері С.Дуйсенов, А.Имашева "БизнесАқсайБолашақ ЖШС оранласқан жерi "Бестау" базарына барып, сайлаушылармен кездесу өткізді. Тұрғындарды сайлауалды бағдарламаның «Әдiлеттi қоғам» деп аталатын бөлiмi бойынша кеңiрек таныстырылды. Жалпы атқарылатын шаралар туралы сайлаушылар жақсы пiкiрде. Қоғамдық штабтың өкiлдерi де сайлауалды бағдарламадағы тақырыптарға тоқталып, таныстырды.Аталған мекеменің қызметкерлерінің жеке сұрақтарына да жауап берiлдi. Сайлауға қатысып, белсенділік танытуға және Қ.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды. #Тoqaev2022

0
0
170