Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 543 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Береке" ПИК қызметкерлерiмен кездесу

Бүгін «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен Ақсай қаласы, 5 шағын аудандағы "Береке" ПИК қызметкерлерiн таныстырдық. Қоғамдық штабтың төрағасы О.Тулемисов, штаб мүшесі А. Имашева қызметкерлердiң жеке сұрақтарына да жауап бердi. Сонымен қатар Қ.Тоқаевтың «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Өңірлік саясат әділетті болса, ірі қалалардағы және шағын ауылдардағы жұрт жайлы өмір сүреді. Елімізде алдағы 7 жылда 111 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріледі. Үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің құрылысы түгел аяқталады" деген сөздерiн баяндап бердi. Тұрғындар сайлауға қатысатындықтарын және өз таңдауларын жасайтынын айтты. #Тoqae…

0
0
225

Ақоба ауылдық округінің мәдениет,білім беру саласы және ауыл тұрғындарымен кездесті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Ақоба ауылдық округінің мәдениет,білім беру саласы және ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуді аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Б.Қуанәлиев және Е.Илемесов қатысып кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жұмыстарына күнделікті куә болып жүрміз. Әрбір іс тиянақты түрде жүзеге асуда. Жыл сайынғы жолдауларында әрбір ел азаматының жүрегіне жететін жобаларды ұсынады. Сайлауалды бағдарламасының “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін” деп аталатынын түсіндіріп, сайлауда белсенділік танытуға, ауыл тұрғындарына бұл істе үлкен жауапкершілік жүктелет…

0
0
211

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайты toqaev2022.kz іске қосылды

Бұл платформада кандидаттың өмірбаянымен, оның сайлауалды бағдарламасымен, Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің қызметімен және т.б. танысуға болады. Сайт ең алдымен, пайдаланушыларға ыңғайлылы және қажетті ақпаратты еркін алуға бағытталған.Құрылымдық жағынан сайт бірнеше бөлімнан тұрады. Алғашқы үш бетте қолданушы 2019 жылдан бастап ел Президенті лауазымында Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарған жұмыстарының тарихымен таныса алады. Осы жерде кандидаттың Республикалық және өңірлік қоғамдық штаб мүшелерінің жұмысы туралы жаңалықтар бөлімі де бар.Әрі қарай, пайдаланушылар сайлауалды бағдарламамен таныса алады. Толық мәтіні бар нұсқадан бөлек, бағдарламаның жеке блоктарын көруге болады.«Өмірбаян» бөлімі классикалық мәтіндік форматта емес, лонгрид түрінде – тақырыптармен, сирек кездесетін фотосу…

0
0
227

Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды.

🇰🇿Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды. Өңірлердегі кездесулер Абай облысынан бастау алды.Мәселен, облыстың ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді.Бұдан соң, Абай облысының жұртшылығымен өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты.Респу…

0
0
173

Үгіт-насихат жұмыстар жалғасуда.

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штаб жетекшісі М.Ибраев, штаб мүшелері Б.Қазиханов, М.Жұмашев, М.Тлеков Ақсоғым ауылының тұрғындарымен кездесті.

Жиын қатысушыларына ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың ұсынып отырған "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін" атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды, негізгі бағыттары бойынша үгіт-насихат құралдары үлестірілді, түсінік жұмыстары жүргізділді.

#Toqaev2022

0
0
180

Штаб мүшелері Жаңақазан ауылында

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Жаңақазан ауылында Жүнісов мектебінің мұғалімдері және жастарымен кездесті.Қазіргі көтеріліп жатырған мәселелердің бірі мемлекеттік тіл мәселесі жөнінде.Қазақта «Ел» сөзі «халық», сондай-ақ «мемлекет» деген мағына береді. Шын мәнінде, халық пен мемлекет бір-бірінен бөле-жарып қарауға келмейтін – егіз ұғымдар. Сондықтан, мемлекет дегеніміз бұл – ортақ құндылықтары бар халық деген сөз. Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі және жеріміздің тұтастығы. Сондай-ақ, халқымыздың терең тарихы мен салт-дәстүрі, жұртымыздың мызғымас бірлігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және отбасы құндылықтары. Біз мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, оның қолдану аясын ке…

0
0
384

Штаб мүшелері Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті

Кездесу барысында Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғады.

Сондай ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді.

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының игі бастамасына қолдау білдірушілер қатары артып жатқаны қуатты Қазақстаның әділетті қоғам құрудағы жарқын бастама.

0
0
169

Қоғамдық штаб мүшелері Бумакөл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті

Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері Бумакөл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Штаб мүшелері А.Еничев пен Қ.Ермекбаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. - Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың а…

0
0
149

Достық ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Достық ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.Кандидаттың сенім білдірген өкілдер Б.Дюсенов және Қ.Ермекбаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.- Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз.Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауыл шаруашылығы…

0
0
182