Штаб мүшелері жастармен кездесті
Халық коалициясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау бойынша аудандық қоғамдық штабының мүшелері Арман Сагидоллин және Нұрсұлтан Қадырғалиев Теректі ауылының жастарымен кездесті. Жиында қоғамдық штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа Қазақстанды құруды көздейтін Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға шақырды. Жиын қорытындысында жігерлі жастардың алдағы сын сағатта сайлау учаскелерінен табылып, дұрыс әрі тарихи таңдау жасайтындарына сенім білдірді.
#Toqaev2022
