Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 551 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Депутатқа сауал қой"

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты А.Арсаламов өз әлеуметтік желісінде "Депутатқа сауал қой" атты іс-шарасын өткізді. Эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жөнінде, соның ішінде жастарға көрсетілетін көмектер жайындағы мәселелер қаралды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, депутатқа сұрақтарын қойды.

0
0
108

"Депутатқа сауал қой"

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты А.Кудерова өз әлеуметтік желісінде "Депутатқа сауал қой" атты іс-шарасын өткізді. Эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар жөнінде, соның ішінде жастарға көрсетілетін көмектер жайындағы мәселелер қаралды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, депутатқа сұрақтарын қойып,Толыққанды жауп алды.

0
0
110

Игі істер жалғасуда

Бүгінде ол өзі сайланған Шамалған ауылының тұрғындарына көмек қолын созып, өзінің атынан жеке сертификат дайындап таратуда. Қасиетті Рамазан айының 5-10 сәуір күндері аралығында көмекке мұқтаж отбасыларға арнайы тіс емдеуге тегін сертификатын ауыл әкімі Ержас Тоқтасыновқа ұсынды. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

#игіістер

#игіістерқарасайауданы

0
0
133

Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жиын өтті.

29 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жөнінде жиын өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин төрағалық етті. Отырысқа ауданымыздың құқық қорғау саласы мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қатысты. Жиын барысында атаулы саладағы заңбұзушылықтар мен олардың алдын алу жұмыстары талқыланды. Ерболат Мұратқалиұлы саладағы құқықбұзушылықтар, әсіресе сыбайлас жемқорлық фактілері партия назарында болатындығын атап өтті.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
144

Қайырымдылық істер

Қараоба ауылының тұрғыны Серікқали Төлешев Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Қуаныш Ермековтың қабылдауында болды.

Нәтижесінде <<Қайырымдылық істер марафоны>> жалпыұлттық жобасы аясында <<Ақбота>> шаруа қожалығының жетекшісі, Казталов аудандық мәслихатының депутаты Қуаныш Ермеков ауылдағы көпбалалы отбасыға тұрғын үй сыйға тартты. Дәлірек айтсақ, <<Ақбота>> шаруа қожалығында 10 жылдан бері жылқышы болып қызмет жасап жүрген Серікқали Төлешевтің отбасына баспана алып берді. Кайбушевтер әулетінің отанасы, <<Леди Лиза>> шағын кәсіпорны жетекшісі Елизавета апамыздың айтуынша, Мереке Ермекұлы шаруашылық пен кәсіпорындағы жұмысшылардың жағдайын жасауға қатты көңіл бөліпті. Бұған дейін көп жыл қызмет жасаған жұмысшыларға үй, көлік алып беруді үрдіске айналдырған.

0
0
219

Қанат Сатабаев жеке азаматтар қабылдауын өткізді

1 сәуірде «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қанат Сатабаев жеке азаматтар қабылдауын өткізді. ⠀ 🔸Қала тұрғындары қызығушылық артқан сұрақтарын қойды. Сондай - ақ, шағын кредиттерді өтеу, қаланың бір ауласында балалар алаңын орнату, тұрғын үй кезегінде қала беру үшін құжаттарды жаңарту өтініштері түсті. ⠀ 🔸Қабылдау нәтижесінде жүгінген павлодарлықтарға түсіндірулер берілді. балалар алаңын орнату жөніндегі мәселені қарастыру үшін ТҮКШ депутаттық сауал жөнелтілетін болады. ⠀ ☎️Депутаттар немесе мемлекеттік орган басшыларына 651158 телефон арқылы жазылуға болатынын ескертеміз. ⠀🔹🔷🔹🔷🔹🔷🔹 🔸1 апреля депутат Павлодарского городского маслихата Канат Сатабаев провел личный прием граждан в городском филиале партии «Nur Otan». ⠀ 🔸Горожане задал…

0
0
284

Депутаттық фракциясының мүшелері «Самал» Оңалту орталығы» мүгедектер ҚБ барды.

31 наурызда «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде Павлодар қалалық мәслихатының депутаттық фракциясының мүшелері «Самал» Оңалту орталығы» мүгедектер ҚБ барды. Биыл оңалту орталығына 25 жыл толады. Осы жылдар ішінде директор Зинаида Багненконың басшылығымен үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні орталықтың 60 қызметкері 110 адамға қызмет көрсетеді. Мұнда тәрбиеленушілер мен олардың жақындарына оңалту және психологиялық көмек көрсетіледі, жастарды еңбекпен оңалтумен айналысады, сондай-ақ жалғызілікті және жалғыз тұратын қарт адамдар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталыққа келушілер үшін барлық жағдай жасалған және сапалы қызмет көрсетіледі. Орталық базасында «Инклюзивті қ…

0
0
333

«Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының депутаттық фракциясы отырысы өтті

30 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының депутаттық фракциясы отырысы өтті. Сондай-ақ, отырысқа қалалық мәслихат хатшысы С.Қалижанова мен қала әкімінің орынбасары С.Гладышева қатысты. Іс-шара барысында қала құрылысының проблемалық нысандары, бұқаралық спортты дамыту үшін алаңдарды орнатудың тиімділігі, қаланың шағын аудандарында бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бағдарламасы және т.б. туралы мәселелер қаралды. Қазіргі уақытта «Мехколонна №59 ҚМФ» ЖШС мердігерлік ұйымы бірқатар нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұл ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталатын Жетекші ауылындағы шағын орталығы бар мектептің құрылысы және Мойылды ауылындағы қолданыстағы мектептің жалғасы. Нысандағы жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2021 жылғы сәуір…

0
0
159

Халықаралық театр күні

Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары! «Nur Otan» партиясының Павлодар қалалық филиалы сіздерді Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтайды. Бұл актерлердің, сахна шеберлері мен театр қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар театр өнерінің барлық көрермендері мен сүйер қауымының мерекесі. Бүгінгі күні театр заманауи мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосуда, дегенмен дәстүрлерге адал болып қала береді. Ол өмірді көркемдік тұрғыдан түсінуге негізделген ерекше өнер түрі болып қалады және гуманистік құндылықтарды тәрбиелеу мен сақтаудың маңызды факторы болып табылады. Павлодар шынымен де шығармашылық идеялардың жарқын палитрасын құратын, көрермендерге көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер сыйлайтын театр ұжымдарымен мақтана алады. Барлық театр сүйер қауымға көптеген жаңа шығармашы…

0
0
270

Қобыланбек Қожин «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

🔹26 наурызда Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қобыланбек Қожин «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. ⠀ 🔹Павлодарлықтар қызығушылық артқан сұрақтарын қойды. Сондай -ақ, павлодарлық автор Бақжамал Аккузинованың кітабын жария ету мен өткізуге, мүгедек баланы тәрбиелеп жүрген көпбалалы отбасына жеңілдікпен алынатын тұрғын үйді алу үшін республикалық базаға енгізу, сондай –ақ, жоғалтқан жеке күәлігін жаңадан шығару мәселесі жөніндегі жүгінулер түсті. ⠀ 🔹Қабылдау нәтижесінде, тұрғындарға түсіндірулер берілді. Кітапты жария ету мәселесі оң шешімін тапты, сондай –ақ, жеңілдікпен алынатын тұрғын үй сұрағы бақылауға алынды. ⠀ 🔔Депутаттар немесе мемлекеттік орган басшыларына 651158 телефон арқылы жазылуға болатынын ескертеміз. ⠀ 🔸🔶🔸🔶🔸🔶🔸 ⠀ 🔹26…

0
0
155