Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жиын өтті.
29 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жөнінде жиын өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин төрағалық етті. Отырысқа ауданымыздың құқық қорғау саласы мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қатысты. Жиын барысында атаулы саладағы заңбұзушылықтар мен олардың алдын алу жұмыстары талқыланды. Ерболат Мұратқалиұлы саладағы құқықбұзушылықтар, әсіресе сыбайлас жемқорлық фактілері партия назарында болатындығын атап өтті.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы


