Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Депутаттық фракциясының мүшелері «Самал» Оңалту орталығы» мүгедектер ҚБ барды.

31 наурызда «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде Павлодар қалалық мәслихатының депутаттық фракциясының мүшелері «Самал» Оңалту орталығы» мүгедектер ҚБ барды. Биыл оңалту орталығына 25 жыл толады. Осы жылдар ішінде директор Зинаида Багненконың басшылығымен үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні орталықтың 60 қызметкері 110 адамға қызмет көрсетеді. Мұнда тәрбиеленушілер мен олардың жақындарына оңалту және психологиялық көмек көрсетіледі, жастарды еңбекпен оңалтумен айналысады, сондай-ақ жалғызілікті және жалғыз тұратын қарт адамдар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталыққа келушілер үшін барлық жағдай жасалған және сапалы қызмет көрсетіледі. Орталық базасында «Инклюзивті қуыршақ-рөлдік және музыкалық-пластикалық «Триумф» театры, «Самал» әлеуметтік кафесі, «Айналайын» және «Мәртебелі АНА!» жобалары жұмыс істеуде. Сондай-ақ, «Азаматтық қатысу» инклюзивті клубы» жобасы сәтті жұмыс істеуде. Жалғыз тұратын қарт адамдар мен мүгедектер үшін 25 орындық «Алтын Уақыт» пансионаты жұмыс істейді. Интернат қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеуі қажет, себебі арнайы күтім мен медициналық қызметкерлердің үнемі бақылауы қажет. Сонымен қатар, мекеме 5 жылдан астам уақыт бойы жартылай стационар ретінде мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қарамастан, стационар қызметін атқарып келеді. Бүгінгі күні ата-аналары жұмыс орындарында көп жұмыс істейтін балалар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін топ ашу және ЕДТ кабинетіне арналған жабдықтарды сатып алу мәселелері өзекті болып тұр. Ерекше балалардың аналарымен кездесуде орталықтың екінші қабатына көтергіштің жоқтығы атап өтілді. Алайда, техникалық тұрғыда көтергішті орнату мүмкін емес, ол үшін сатымен жүруге арналған арнайы құрал сатып алынды. Орталықтың жұмыс істеген уақыты аралығында медициналық қызметкерлер ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара әрекеттесуде үлкен тәжірибе жинады. Осылайша, 2022 жылы реабилитологтардың халықаралық съезі өтеді, онда медициналық реабилитология саласындағы жетекші мамандар біздің реабилитологтар үшін оқыту жүргізеді.

Айта кету керек, қажетті жабдықтар мен кейбір препараттардың жетіспеушілігіне қарамастан, «Самал» орталығы республикадағы ең үздіктердің бірі болып табылады. Бұл жерде тәулік бойы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін толыққанды адам ретінде сезініп, қандай жағдай болмасын олардың әр күндерін қуаныш пен шаттыққа толтыру үшін көмектесуге дайын.

0
0
322

Осы тақырып бойынша