Қайырымдылық істер
Қараоба ауылының тұрғыны Серікқали Төлешев Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Қуаныш Ермековтың қабылдауында болды.
Нәтижесінде <<Қайырымдылық істер марафоны>> жалпыұлттық жобасы аясында <<Ақбота>> шаруа қожалығының жетекшісі, Казталов аудандық мәслихатының депутаты Қуаныш Ермеков ауылдағы көпбалалы отбасыға тұрғын үй сыйға тартты. Дәлірек айтсақ, <<Ақбота>> шаруа қожалығында 10 жылдан бері жылқышы болып қызмет жасап жүрген Серікқали Төлешевтің отбасына баспана алып берді. Кайбушевтер әулетінің отанасы, <<Леди Лиза>> шағын кәсіпорны жетекшісі Елизавета апамыздың айтуынша, Мереке Ермекұлы шаруашылық пен кәсіпорындағы жұмысшылардың жағдайын жасауға қатты көңіл бөліпті. Бұған дейін көп жыл қызмет жасаған жұмысшыларға үй, көлік алып беруді үрдіске айналдырған.


