Халықаралық театр күні
Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары! «Nur Otan» партиясының Павлодар қалалық филиалы сіздерді Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтайды. Бұл актерлердің, сахна шеберлері мен театр қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар театр өнерінің барлық көрермендері мен сүйер қауымының мерекесі. Бүгінгі күні театр заманауи мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосуда, дегенмен дәстүрлерге адал болып қала береді. Ол өмірді көркемдік тұрғыдан түсінуге негізделген ерекше өнер түрі болып қалады және гуманистік құндылықтарды тәрбиелеу мен сақтаудың маңызды факторы болып табылады. Павлодар шынымен де шығармашылық идеялардың жарқын палитрасын құратын, көрермендерге көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер сыйлайтын театр ұжымдарымен мақтана алады. Барлық театр сүйер қауымға көптеген жаңа шығармашылық идеялар, шабыт, қызықты қойылымдар мен аншлагтар тілейміз. Театр күні құтты болсын!
