Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының депутаттық фракциясы отырысы өтті

30 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының депутаттық фракциясы отырысы өтті. Сондай-ақ, отырысқа қалалық мәслихат хатшысы С.Қалижанова мен қала әкімінің орынбасары С.Гладышева қатысты. Іс-шара барысында қала құрылысының проблемалық нысандары, бұқаралық спортты дамыту үшін алаңдарды орнатудың тиімділігі, қаланың шағын аудандарында бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бағдарламасы және т.б. туралы мәселелер қаралды. Қазіргі уақытта «Мехколонна №59 ҚМФ» ЖШС мердігерлік ұйымы бірқатар нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұл ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталатын Жетекші ауылындағы шағын орталығы бар мектептің құрылысы және Мойылды ауылындағы қолданыстағы мектептің жалғасы. Нысандағы жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2021 жылғы сәуір. Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерғабұлов Д.Қ. қатысушыларды бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасаудың факторы ретінде спорттық-жаттығу алаңдарын орнатудың тиімділігі туралы хабардар етті және қаланың шағын аудардарында балалар мен жасөспірімдерге арналған бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бағдарламасы туралы айтып берді. Осылайша, 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен облыс орталығының 35 ауласында 50,5 млн. теңгеге көше жаттығу жабдықтары орнатылды. Ағымдағы жылы 65 көше жаттығу жиынтығы мен стрит-воркаут алаңдарын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, қала әкімдігінің балансындағы бос ғимараттарды спорт залдар реьірде беру туралы ұсыныс әзірленуде. Осылайша спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер контингентін көбейту жоспарланып отыр. Ұсыныс ретінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт клубтарын салуға үй-жай қарастыратын жаңа тұрғын үйлердің жобаларын әзірлеу туралы мәселе айтылды. Ағымдағы жылы ірі спорттық нысандардың құрылысы жоспарланғанын атап өту маңызды: көркем гимнастика және эстетика орталығы, Кенжекөл ауылындағы фитнес орталығы және үстел теннис орталығы.

Кездесу соңында қалалық мәслихат депутаты Игорь Веретнов мектеп стадиондарын қалпына келтіруді, жаттықтырушылар құрамы үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және футболмен айналысуға құштарлы балалар мен жасөспірімдер санын арттыруды көздейтін қаладағы балалар бұқаралық спортын дамытудың жобасын ұсынды.

0
0
152

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының депутаттық фракциясы отырысы өтті - Yvision.kz