Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

«Кедергісіз келешек»

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері аудандық білім мекемелеріндегі пандустарға бөлінген қаражатын мақсатты игерілуі бойынша мониторингтік жұмыс жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мониторинг топ құрамында, Жакупова Сауле Садыковна Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің орынбасары, Балгазиева Салтанат Каржаубайқызы Панфилов РОЗиСП әлеуметтік…

0
0
201

«Дәнеш ағаның мұрасы»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Пенжім ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен әнші, композитор, Қазақстанның халық әншісі Дәнеш Рақышұлының 95 жылдығына орай «Дәнеш ағаның мұрасы» атты тақырыппен тікелей эфирде онлайн сұхбат өткізілді. Сұхбат қонағы әуесқой әнші Төлеген Орысбай.

Ел аузына іліккен ағамыз әлі де ел аузынан түспей келеді. Қазақ өнерінің мұрасына үлес қосқан адам өзі де ел мұрасына айналады.

Бүгінгі сұхбат барысында Төлеген мырза Дәнеш Рақышұлының әндерін нақышына келтіріп орындап берді. Сұхбат өте көңілді әуендермен өте тартымды өтті.

Тікелей эфир фейсбук желісі арқылы өткізілді.

#Ұлттықмұра

0
0
195

«Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір хан»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Пенжім ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір хан» атты тақырыппен кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Жәңгір хан (1801-1845) - Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы. Генерал-майор, Шын аты - Жиһангер.Жәңгір хан – Қазақ тарихындағы он төртінші хан. Бұрынғы он үш ханның алтауы ат үстінде, соғыс жолында қаза тауыпты. Жәңгір де сондай алапат шайқас үстінде өлім құшқан жетінші ер. Бар ғұмырларын аласапыран кезеңдермен өткізген ілкі батыр бабаларымыз ел мүддесі мен мерейі үшін шайқаста жан қиған ерлерде арман жоқ деп білген. Сол бабалардың рухын кеуделеріне қондырған, аталарымыздың ерлік дәстү…

0
0
183

" Мәдени мұра - асыл қазына"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Надек ауылдық кітапханасы " Мәдени мұра - асыл қазына" атты ақпараттық сағатын назарларыңызға ұсынады.Мақсатымыз: ұлттық мәдениетімізді сақтап, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету."Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет,фольклор және салт- дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи - мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар,мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қар…

0
0
254

"Жаңа кітаптар сіздер үшін"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қазанның 20 күні Надек ауылдық кітапханасында "Жаңа кітаптар сіздер үшін" тұрақты көрмеге кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға көрме ұйымдастырылды.

Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылып,оқырмандармен библиографиялық шолу өткізілуде.

Мақсатымыз: білімнің кітап арқылы берілетінін,адам өміріндегі маңызын,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру,кітапқа деген қызығушылығын арттыру,білімге құштарлығын ояту,кітапты таза ұстауға,тазалыққа,мейірімділікке баулу,тәрбиелеу.

Кітап оқу арқылы ғана біз білімді бола аламыз.Кітапханаға жиі келіңіз,кітап сіздің сенімді досыңыз,көмекшіңіз болсын!

Халқымыз кітапты киелі,әулие,қасиетті,құдіретті зат ретінде бағалаған.

Кітап оқып Рухани бай болыңыздар!

#Ұлттықмұра

0
0
253

«Nur Otan – ауылмен бірге!»

«Nur Otan» партиясы Панфилов ауданық филиалы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Nur Otan – ауылмен бірге!» шалғай елді мекендерге барып, медициналық тексерулер өткізілді және Аудандық мәслихат депутаты Денсаулық бастауыш партия ұйымының төрайымы Кудерова Алтынай Алтаевнаның азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы өткізілді.

#Тәуелсіздікке30жыл

0
0
132

«Қазақстанның ғарыш жолы»

«Nur Otan» партиясы Панфилов ауданық филиалы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және алғашқы қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшқан күніне орай «Қазақстанның ғарыш жолы» тақырыбында іс-шарасын ұйымдастырып өткізді.

#Тәуелсіздікке30жыл

0
0
119

Медет Әуімжанұлы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді.

18.10.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Мұқатай Медет Әуімжанұлы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азамат Мақұлбекова Гулмира Жаскент ауылының тұрғыны көп балалы ана, асыраушысынан айрылған, от жағу маусымы келуіне байланысты, қатты отынмен көмектесуін сұрап келді. Қабылдау нәтижесінде қаржылай 5000 теңге және қатты отын 1 тонна көмір алуға ықпал ететінін жеткізді. Мәселесі оң шешім тапты. Қабылдауға жазылған азаматша өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.

0
0
156

Рухани келісім күні

Рухани келісім күні18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды.Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен конгрес Елбасының бітімгершілік идеяларына жол ашты. Олардың арасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ерекше орын алады.Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев: «Береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, татулық пен к…

0
0
144