Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

" Мәдени мұра - асыл қазына"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Надек ауылдық кітапханасы " Мәдени мұра - асыл қазына" атты ақпараттық сағатын назарларыңызға ұсынады.

Мақсатымыз: ұлттық мәдениетімізді сақтап, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету.

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет,фольклор және салт- дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи - мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар,мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

"Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру барысында көптеген тарихи,мәдени ескерткіштер қалпына келтірілді. Көне қала,қоныс пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілген. Осының нәтижесінде елімізге мыңдаған қолжазбалар мен басылымдар табылып елге жеткізілген.

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.

0
0
252

Осы тақырып бойынша

" Мәдени мұра - асыл қазына" - Yvision.kz