Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір хан»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Пенжім ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір хан» атты тақырыппен кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Жәңгір хан (1801-1845) - Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы. Генерал-майор, Шын аты - Жиһангер.

Жәңгір хан – Қазақ тарихындағы он төртінші хан. Бұрынғы он үш ханның алтауы ат үстінде, соғыс жолында қаза тауыпты. Жәңгір де сондай алапат шайқас үстінде өлім құшқан жетінші ер. Бар ғұмырларын аласапыран кезеңдермен өткізген ілкі батыр бабаларымыз ел мүддесі мен мерейі үшін шайқаста жан қиған ерлерде арман жоқ деп білген. Сол бабалардың рухын кеуделеріне қондырған, аталарымыздың ерлік дәстүрін естен шығармай, аса құрметтей білетін бүгінгі ұрпақтың намысты азаматтары да халық келешегі жолында шейіт кеткен сондай қаһармандарды қатты қастерлеп, әруақтарына бас иетіні сөзсіз. Жәңгір хан – сондай тұлғалардың бірі.

#Ұлттықмұра

0
0
180

Осы тақырып бойынша

«Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір хан» - Yvision.kz