Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Жаңа кітаптар сіздер үшін"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қазанның 20 күні Надек ауылдық кітапханасында "Жаңа кітаптар сіздер үшін" тұрақты көрмеге кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға көрме ұйымдастырылды.

Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылып,оқырмандармен библиографиялық шолу өткізілуде.

Мақсатымыз: білімнің кітап арқылы берілетінін,адам өміріндегі маңызын,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру,кітапқа деген қызығушылығын арттыру,білімге құштарлығын ояту,кітапты таза ұстауға,тазалыққа,мейірімділікке баулу,тәрбиелеу.

Кітап оқу арқылы ғана біз білімді бола аламыз.Кітапханаға жиі келіңіз,кітап сіздің сенімді досыңыз,көмекшіңіз болсын!

Халқымыз кітапты киелі,әулие,қасиетті,құдіретті зат ретінде бағалаған.

Кітап оқып Рухани бай болыңыздар!

#Ұлттықмұра

0
0
251

Осы тақырып бойынша

"Жаңа кітаптар сіздер үшін" - Yvision.kz