Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

1 қазан - Халықаралық кәриялар күні

1 қазан - Халықаралық кәриялар күні мейрамына орай Облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Илемесов өз мекемесінің еңбек ардагерлерін Анатолий Севостьянов, Мұрат Сайфеденов, Салауат Кенжеғалиев, Надеш Каюпованың арнайы үйлеріне барып, мейрамдарымен құттықтап сый-сияпаттарын табыс етті.– Баршаңызды Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың дәстүрінде дәріптеліп, салты мен санасына берік орныққан қасиет. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Елдің берекесі мен жас ұрпақтың өнегесіне әр уақыт қолдау көрсетіп, ел келешегінің жарқын жолын жарасымды жалғап келесіздер! Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария,теңіз іспеттес. Қариялар - халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, ке…

0
0
168

Қарияларды төл мерекелерімен қызу құттықтады.

Аудан әкімі Азамат Сафималиев Халықаралық қарттар күніне орай Ардагерлер үйіне арнайы барып, қарияларды төл мерекелерімен қызу құттықтады.-Қарияларын ардақтай білген елдің қашан да рухы үстем, шаңырағы биік болады. Олай болса, біздің бүгінгі нұрлы, алаңсыз өміріміздің ақылшысы бола білген қарияларымызды жылына бір-ақ рет емес, күн сайын құрметтеп, қадір тұтсақ еш артықшылығы болмайды. Сіздердің өмірлік тәжірибеңіз бен ақыл-кеңесіңіз біз үшін асыл қазына. Біз сіздердің ел келешегі ұрпақ үшін еткен еңбектеріңізге бас иеміз. Бүгінгі мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деген Азамат Сафималиұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевке салтанатты түрде теледидар тарту етті.Өз кезегінде Амангелді Мырзағалиұлы аудан әк…

0
0
186

Саяси Кеңесі Бюросының отырысы

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы А.С.Сафималиевтің төрағалығымен Саяси Кеңесі Бюросының отырысы онлайн жүйесінде өткізілді. Күн тәртібінде "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасындағы орындалмау қаупі бар көрсеткіштер туралы мәселе қарастырылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы М.Иманғалиев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасындағы орындалмауы қаупі бар көрсеткіштер туралы» хабарлама қаперге алынды.

0
0
143

1-қазан “Қариялар күні”

1-қазан “Қариялар күні”болып бекітілгеннен бері,жыл сайын атаулы күні асыл қазыналырымызға барып ілтипат білдіру,көңілдерін сұрап қойтуды дәстүрге айналдырдық.”Қариясы бар үйдің қазынасы бар” демекші үлкендері бар әрбір шаңырақтың шаттығы сақталып,бірлігі бекем болатыны рас.Осы орайда барша қарияларымызға дендерінің саулығын,бастарының амандығын тіледім!

Аман жүріңіздер!!!

0
0
146

𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 алғашқы 10 айдағы сайлауалды уәделерін қалай жүзеге асырды?

𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 алғашқы 10 айдағы сайлауалды уәделерін қалай жүзеге асырды?«Nur Otan» партиясы Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған әрбір өңір, қала және аудан үшін дайындалған 217 жол картасы аясында сайлауалды уәделерді іске асырудың 10 айдағы аралық қорытындылары туралы мәліметтермен бөлісті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарлама аясында өңірлерде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй, 59 мың орындық 165 мектеп, 28,5 мың орындық 354 балабақша, сондай-ақ 6,7 мың адам қабылдайтын 44 медициналық нысан пайдалануға берілді. 248 кәсіпорын ашылып, 1 триллион теңгеден астам инвестиция салынды. 315 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.📷Мәселен, Маңғыстау облысының Қызылсай ау…

0
0
141

Облыстық филиалда 111 қызметіне түскен арызға орай шұғыл отырыс өтті

Облыстық филиалда 111 қызметіне түскен арызға орай шұғыл отырыс өттіБүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің шұғыл отырысы өтті.Отырыста талқыға түскен маңызды мәселе - отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 Шұғыл қызмет» байланыс орталығына «Бақанас мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушысы 16 жастағы Серікбай Бекболат тәрбиешілер мен тәрбиешілердің көмекшілерінің жұмысына шағыммен жүгінуі болды.Арызданушының сөзінше, аталған интернатта тәрбиешілер мен түнгі күтушілер лауазымдық міндеттерін орындамайды. Кезекшілік кезінде тұратын адамдарға тәртіп ережелері мен күн тәртібін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асырмайды.Осы мәселен…

0
0
184

Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Н.Кеңесұлы қоғамдық қабылдау өткізді.

Бүгін “Nur Otan” партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында аудан әкіміне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және ауыл шаруашылығы, спорт саласы, жол саласы және білім саласы бойынша сұрақтар қойылды. Сонымен бірге бірқатар ауылдық округтердегі өзекті мәселелер қаралып талқыланды.

Сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алынды.

#Райымбекауданы

#қоғамдыққабылдау

0
0
214

«Әділет кеңес береді» акциясы онлайн ұйымдастырылды.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Әділет кеңес береді» акциясы онлайн ұйымдастырылды.Шараға, Панфилов ауданында орналасқан ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Марат Рахымбердіұлы онлайн қатысып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мен құқықтық білімін арттыру бойынша азаматтардың заңды құқықтарын пайдалану мен қорғау бойынша кеңес берді.«Әділет кеңес береді» акциясының мақсаты тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету үшін және де құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпараттар беріп, азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру мен жеке жауапкершілі…

0
0
172

Сайын даланың жануарлар әлемі: Құлан

Кітапхана Сіздердің назарларыңызға «Сайын даланың жануарлар әлемі» подкастының 3 шығарылымын ұсынады. Бүгінгі шығарылым жойылу қаупі төніп тұрған құландарға арналады. Құлан – жылқыға ұқсас тұяқты жануарлар тобына жататын айрықша қорғауға алынған жануар. Құланды ел арасында жабайы жылқы деп те атайды. Дегенмен жазық далада үйір-үйірімен тіршілік ететін бұл жануардың еті адал әрі өте дәмді келеді. Сондықтан да аңшылар құланды есепсіз ату салдарынан құртып жіберуге аз қалған.

#30летНезависимостиРК #ҚРТауелсіздігіне30жыл

0
0
271

ТЕDх форматында "Zhansugurov college" студенттерімен кездесу өтті

Кездесуде спикерлер болған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев және Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, "Жетысу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев.Кездесудің негізгі мақсаты студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту болып табылады, сондай-ақ елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.Іс-шара барысында Жандос Жұмабаев білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұ…

0
0
487