«Әділет кеңес береді» акциясы онлайн ұйымдастырылды.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Әділет кеңес береді» акциясы онлайн ұйымдастырылды.
Шараға, Панфилов ауданында орналасқан ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Марат Рахымбердіұлы онлайн қатысып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мен құқықтық білімін арттыру бойынша азаматтардың заңды құқықтарын пайдалану мен қорғау бойынша кеңес берді.
«Әділет кеңес береді» акциясының мақсаты тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету үшін және де құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпараттар беріп, азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру мен жеке жауапкершіліктерін сезіндіру.
«Әділет кеңес береді» акциясы барысында барлық тұрғындарға, азаматтар мен заңды тұлғаларға арнайы құқықтық көмектер, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер берілді.
#Халыққакөмек
