Саяси Кеңесі Бюросының отырысы
"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы А.С.Сафималиевтің төрағалығымен Саяси Кеңесі Бюросының отырысы онлайн жүйесінде өткізілді. Күн тәртібінде "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасындағы орындалмау қаупі бар көрсеткіштер туралы мәселе қарастырылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы М.Иманғалиев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасындағы орындалмауы қаупі бар көрсеткіштер туралы» хабарлама қаперге алынды.

