1 қазан - Халықаралық кәриялар күні
1 қазан - Халықаралық кәриялар күні мейрамына орай Облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Илемесов өз мекемесінің еңбек ардагерлерін Анатолий Севостьянов, Мұрат Сайфеденов, Салауат Кенжеғалиев, Надеш Каюпованың арнайы үйлеріне барып, мейрамдарымен құттықтап сый-сияпаттарын табыс етті.
– Баршаңызды Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың дәстүрінде дәріптеліп, салты мен санасына берік орныққан қасиет. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Елдің берекесі мен жас ұрпақтың өнегесіне әр уақыт қолдау көрсетіп, ел келешегінің жарқын жолын жарасымды жалғап келесіздер! Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария,теңіз іспеттес. Қариялар - халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз. «Қарты бар елдің қазынасы бар», – деген аталы сөз осыдан қалса керек.


