Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарияларды төл мерекелерімен қызу құттықтады.

Аудан әкімі Азамат Сафималиев Халықаралық қарттар күніне орай Ардагерлер үйіне арнайы барып, қарияларды төл мерекелерімен қызу құттықтады.

-Қарияларын ардақтай білген елдің қашан да рухы үстем, шаңырағы биік болады. Олай болса, біздің бүгінгі нұрлы, алаңсыз өміріміздің ақылшысы бола білген қарияларымызды жылына бір-ақ рет емес, күн сайын құрметтеп, қадір тұтсақ еш артықшылығы болмайды. Сіздердің өмірлік тәжірибеңіз бен ақыл-кеңесіңіз біз үшін асыл қазына. Біз сіздердің ел келешегі ұрпақ үшін еткен еңбектеріңізге бас иеміз. Бүгінгі мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деген Азамат Сафималиұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевке салтанатты түрде теледидар тарту етті.

Өз кезегінде Амангелді Мырзағалиұлы аудан әкімі тарапынан ардагерлер үйіне жасалып отырған қолдауға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Оның айтуынша, республика бойынша бар болғаны алты ардагерлер үйі жұмыс істейтін болса, соның бірі - біздің ауданда екен. Ардагерлердің қолы бос уақытта мұнда келіп демалулары үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің басшысы алдағы уақытта ауданымызға келіп, аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысы мен жинақтаған мол тәжірибесін облысымыздың өзге аудандарына таратуға мүдделі екен.

Осыдан соң аудан басшысы Жәнібек ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Әбес Темешев, Ұзынкөл ауылының тұрғыны, таяу арада 97 жасқа толғалы отырған кейуана Әсекен Жақыбалиеваның үйлеріне ат басын тіреп, оларды мерекелерімен құттықтады, сый-сияпатын табыс етті.

Қазыналы қариялар: «Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді» деген, әдейі келіп, құттықтағаның үшін рахмет, айналайын!», - деп аудан басшысына шынайы ризашылықтарын білдірді.

0
0
181

Осы тақырып бойынша

Қарияларды төл мерекелерімен қызу құттықтады. - Yvision.kz