Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Петропавлда полиция подполковнигі өлі күйінде табылды

Ол жүгіру кезінде көз жұмған көрінеді.

undefined

Фото: t.me/CentralMediaNews


Әлеуметтік желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, подполковник Иван Гугняктың өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тарады. Онда офицердің аттестацияға дайындалу мақсатында жүгірумен айналысып жүргені жазылған.

Ал Гугняктың қайтыс болғанын растаған облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер жедел уәкілдің аттестациядан өтуге дайындалу үшін жүгіргені шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Өйткені оның лауазымы аттестациядан өткізілетіндердің тізімінде болмаған.  

0
0
327

Осы тақырып бойынша